"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп тарихы

Жақсы №1 орта мектебінде білім беру процесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті білім беру стандартына және Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

 

Мектепте сабақ екі ауысымда жүргізіледі. Оқу аптасы 5-күндік. 16 класс-комплект және мектеп алды даярлық тобы 2 класс-комплект. Сабақ ұзақтығы 40 минут. Сабақтар 9.00-де басталады.  Бала саны бойынша мектеп толық жинақталған болып саналады (1-11 сыныптарда 252 білім алушы). Шағын орталықта барлығы 3 топ: 1 кіші топ «Құлпынай» - 25 бала, ортаңғы топ «Балбөбек» - 20 бала және «Балдаурен» тобында - 15 бала. Барлығы 60 бала тәрбиеленеді. 18 қараша күні шағын орталық топтарында бала саны - 44 (15+17+12).

 

Мектепте жаңа модификациялы биология, физика, информатика және химия кабинеті, лингафонды-мультимедиялық кабинет, робототехника және ІТ-кабинеті, 7840 дана әдебиет қорымен кітапхана, 120 орындық асхана және спортзал бар. Интерактивті жабдықтар 8 кабинетте бар.

Информатика кабинетінде оқушылар үшін 13 жеке компьютер, мұғалімге арналған 1 моноблок бар,  интерактивті тақта және принтер орнатылған.

ITжәне робототехника кабинетінде 16 компьютер мен 5 ноутбук,  интерактивті тақта, принтер бар. Барлық жабдықтар жұмыс жасайды.

Мектеп бойынша жалпы 70 компьютер бар. Соның ішіндегі 30 моноблок 2010 жылғы, 35 жеке компьютер 2009 жылғы және 5 ноутбук 2019 жылғы шығарылған.Компьютерлік техниканың мұғалімдер мен оқушылар басына шаққанда 1 мұғалімге 1, ал 4,5 оқушыға 1 компьютерден келеді.

Интернет желісіне қосылатын 3 нүктелік қосылғыш бар: 2 қосылғыштың жалдамдығы 8 мб/с болғанымен нақты жылдамдығы 6,5 мб/с және 20 мб/с жылдамдығымен 1 қосылғыш жұмыс істемейді. Жұмысын жаңғырту үшін модем-роутер керек.

Мектеп бойынша бейнебақылау жүйесіні орнатылған: барлығы 31 камера,  21 ғимарат ішінде, 10 ғимарат сыртында.

 

Мектепте педагогикалық қызметті 36 педагог жүргізеді. Оның ішінде 6 тәрбиеші бар. 30 мұғалімнен: педагог-зерттеуші – 5, педагог-сарапшы – 11, педагог-модератор – 6, бірінші санатты – 5, екінші санатты – 1. Сапалық құрам 50% құрайды.

Мектепте 11 мұғалім деңгейлік курстан өткен. Жаңартылған білім мазмұны бойынша педагогтар толық курстан өткен. 

Негізгі пәндер бойынша мониторингке көз жүгіртсек: Қазақ тілі – 72 %, қазақ әдебиеті-71 %, орыс тілі – 83 %, математика-71 %, Қазақстан тарихы- 71 %, география-72 %, жаратылыстану-77 %, биология- 67 %, физика- 75%, информатика- 83, химия 63 %,алгебра-64 %, ағылшын- 67 % пайызды құрайды.

Білім сапасы бірінші тоқсанда 56 % құраса, екінші жартыжылдықтың есебі бойынша 61 56 % құрайды.  Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша білім сапасының көрсеткіші 70% дан 72 % ға өсті. Қоғамтану-гуманитарлық бағыт бойынша екі тоқсанда да 69 % ды тұрақты  көрсетуде.

Жаңартылған күні: 05.08.2016 15:08
Құрылған күні: 27.10.2020 10:18

Текст