"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтамыз

27.03.2024

2024 жылдың 22 наурызында аяулы ана, асыл әже, ардақты ұстаз Ибадуллина Гульнар Есмухановнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты «Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ұжымы қайғырып көңіл айтады.

Бұл фәниден бақилыққа, мәңгі сапарына аттануына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Топырағы торқа, иманы саламат, арты қайырлы болғай. Сүрмеген жасын, көрмеген қызығын артында қалған бала-немерелеріне көруді Алла нәсіп етсін. Гульнар апайдың жарқын бейнесі мен бала тәрбиесіне сіңірген еңбегі жадымызда, жүректерімізде мәңгілік есте қалады.  Гульнар Есмухановна біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - адал, үлгілі ана, бақытты әже, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азаматша еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! Білім саласына, оның ішінде Жақсы №1 жалпы орта білім беретін  мектебіне білікті-білімді еңбегімен қызмет еткен, мектебімізге сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады!

Ұстаз жүректерге гүл еккен,

Адалдықты көкіректе түлеткен,

Сіздің биік рухыңызға бас иіп

Еске аламыз сағынышты жүрекпен.

Просмотров: 52


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст