10.09.2025
2025 жылғы 8 қыркүйекте Жақсын аудандық полиция бөлімінің УИП және ГЮП инспекторы, полицияның аға лейтенанты Тимофеев В.Л. 8–10 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесуде мына тақырыптар қарастырылды:
• буллингтің алдын алу;
• жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ);
• нашақорлықтың зияны;
• отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құқықтық білімді арттыру болды.