Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы құжаттар пакеті ұсынылған кезде, қызмет көрсетуші өтініштер мен құжаттар пакетін қабылдайды және қызмет алушының құжаттарын қызмет көрсетушінің басшысына береді. Қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкерлеріне қызмет алушының құжаттарын қабылдау туралы (ерікті нысанда) қолхат беріледі.
Қызмет алушымен толық емес құжаттар пакеті және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар тапсырылған жағдайда, қызмет көрсетуші осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда өтінішті бұдан әрі қараудан себептемелі бас тарту құжатын дайындайды.
Өтініш (еркін нысанда).
Үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Қызмет көрсетуші екі жұмыс күні ішінде қызмет алушының электронды сұранысын өңдеуді жүзеге асырады және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес порталда қызметалушының «жекекабинетіне» құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жібереді не болмаса осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті бұдан әрі қарау туралы себептемелі жауапты дайындайды және порталдың «жеке кабинетіне» жібереді.
Қызмет алушыдан ақпараттық жүйеден алынатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.