Текст
Мектебің, мынау – класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың осы бір өлең жолдарын білмейтін қазақ баласы жоқ шығар. Мектеп табалдырығын үргедектене аттаған кешегі оқушының есейіп, даңғыл жолға қадам басуы - өмір заңдылығы. Ал 23 мамырда соғылатын күміс қоңыраудың сыңғыры мектептен түлеп ұшқан әрбір шәкірттің құлағында сақталатыны сөзсіз.